Выйти
RU

Тағы 8 адам көз жұмды: Елімізде COVID-19 вирусының құрбандары көбейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясынан көз жұмған науқастар саны тағы да артты. Бүгін, 19 маусым күні Қазақстанның әр өңірінде тағы 8 адам қайтыс болғаны белгілі болды. Осылайша, COVID-19 вирусы барлығы 113 адамның өмірін қиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы 8 адам көз жұмды: Елімізде COVID-19 вирусының құрбандары көбейді

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 8 адам көз жұмды

Түркістан облысында 1962 жылғы ер адам, 1950 жылғы әйел адам, 1958 жылғы әйел адам; Шымкент қаласында 1962 жылғы әйел адам; Нұр-Сұлтан қаласында 1954 жылғы әйел адам, 1958 жылғы әйел адам, 1950 жылғы ер адам, 1952 жылғы әйел адам.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 113 адам қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы онлайн брифинг барысында мегаполистегі коронавирус жағдайына қатысты өзекті ақпарат ұсынып, оңтүстік астанада қатаң карантин не себепті енгізілгенін түсіндіріп берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 8 адам көз жұмды: Елімізде COVID-19 вирусының құрбандары көбейді