Выйти
RU

Тағы 428 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 16779-ға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте тағы 428 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 16779-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"19 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 79, Қарағанды ​​облысында - 60, Түркістан облысында - 36, Алматы қаласында - 34, Шығыс Қазақстан облысында - 34, Батыс Қазақстан облысында - 26, Солтүстік Қазақстан облысында - 26, Шымкент қаласында - 23, Ақмола облысында - 22, Қостанай облысында - 20, Жамбыл облысында - 19, Павлодар облысында - 12, Алматы облысында - 11, Маңғыстау облысында - 10, Атырау облысында - 7, Қызылорда облысында - 7, Ақтөбе облысында - 2 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша ауру өсімі 2,6 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 428 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 16779-ға жетті