Выйти
RU

Қазақстанда халықаралық рейстер қашан ашылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес елімізде 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы шешімді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 11 маусымда қабылдаған.

Оған сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады.

Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әр бағыт бойынша әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалатын болады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып тасталуына және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.
  • Белгіленген кестеге сәйкес, бүгін Алматы халықаралық әуежайынан Стамбулға, Анталияға және Дубайға рейс ұшырылады.
  • Елордалық Назарбаев әуежайында Нұр-Сұлтан - Станбул рейсі жоспарланған.
  • Одан бөлек, бүгін Атырау қаласынан да Ыстанбұлға бір рейс ұшады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда халықаралық рейстер қашан ашылады