Выйти
RU

Елордада түрмеде жатқан айыпталушыны босатып беремін деп пара алған алаяқ ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында түрмеде жатқан айыпталушыны босатып беремін деп әке шешесінен ірі көлемде пара алған әйел қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, алаяқты Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстап алған.

Бас бостандығынан айрылып қамауда жатқан қызын босатып берем деген әйелдің әке-шешесінен 7 миллион теңгені алып жатқан жерінде қолға түскені белгілі болды.

Осы қылмысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Ресейде кеден қызметкеріне пара берген Қазақстан азаматы қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Орал көліктік тергеу басқармасының сайтында қазақстандық азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінгені жазылған.

Дәлілер айтсақ ол кеденнің бөлім басшысына пара берді. Ал кеден қызметкері пара алудан бас тартты. Нәтижесінде Қазақстан азаматы ұсталып, қылмыстық заңды бұзды деп айыпталды.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада түрмеде жатқан айыпталушыны босатып беремін деп пара алған алаяқ ұсталды