Выйти
RU

Елорда сауда үйінен киім ұрлаған ерлі-зайыптылар ұятқа қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында тәртіп сақшылары сауда үйлерінен қымбат киім ұрлады деген күдікпен жас ерлі-зайыптыларды қолға түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Нұр-Сұлтан қалалық ПД

Видеодан кадр/Нұр-Сұлтан қалалық ПД

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың күндізгі уақытта сауда орталығында болғанын және әйелдер мен ерлерге арналған қымбат киімді таңдағанын анықтаған.

Ведомство таратқана ақпаратқа сәйкес, олар арнайы құралмен киімнің қорғаныс құрылғысын алып тастаған.

Ұрланған киімді ерлі-зайыптылардың базар маңында арзан бағамен сатқаны және кейбірін өздері кигені белгілі болды.

Қазіргі уақытта келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Күдікті деп танылған 29 жастағы ер адам мен 26 жастағы оның жары қолға түскен.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елорда сауда үйінен киім ұрлаған ерлі-зайыптылар ұятқа қалды