RU

Семейде каратин режимі күшейтіліп ұзартылды

2020 жылдың 19-маусымында Семей қаласының бас санитар дәрігері қала аумағындағы карантин режимін күшейтіп, оны ұзарту туралы қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, шектеу шаралары бірінші шілдеге дейін созылмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Қаулыда қала аумағындағы карантин ұзартылған уақытта енгізілетін бірқатар жаңа шектеу шаралары көрсетілген. Олар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолданылмақ.

  • Қала тұрғындарының жеке көлігімен жүруі шектетілді. Олар өз автокөлігімен тек жұмыс күндері ғана еркін қозғала алады;
  • Демалыс күндері мен мереке күндері және кешкі сағат оннан бастап, тағы беске дейін көлік қозғалысына тыйым салынған. Бұл уақытта қала көшелерінде жүру тек қызыл және көк түсті рұқсаттамасы бар көліктерге болады.
  • Семей бойынша жаяу жүру де шектелетін болады. Ол апта күндерінің ережелеріне сай болмақ.
  • Тұрғындарға ауқымды шара жасауға, көп адам жиналатын отбасылық, еске алу отырыстарын ұйымдастыруға тыйым салынды.
  • Балаларға арналған барлық емдеу-сауықтыру орталықтарының жұмысы тоқтатылды.
  • Қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейтін болады. Жұмыс күндері автобустар тек сағат оннан кешкі төртке дейін ғана қатынамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861361-semejde-karatin-rezimi-ksejtilip-zartyldy.html