Выйти
RU

"Вирус жойылып кеткен жоқ": Елордада жедел жәрдем шақырту төрт есеге көбейген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелердің басшыларымен онлайн-режимде кездесіп, коронавирус инфекциясына қатысты бірқатар маңызды нәрселерді талқылады. Қала басшысы кездесу соңында қандай шешімдер қабылданғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Алтай Көлгіновтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

"Вирус жойылып кеткен жоқ. Қазір ең бастысы — науқастарға арналған қосымша төсек-орындар дайындау, медициналық дәрі-дәрмек/құрал-жабдықтар қорын толықтыру. Қалалық және жекеменшік емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлерімен, зертханалардың және дәріханалардың басшыларымен онлайн-кездесу өткіздім.
  • Бірінші. Зертханалар келесі аптаның басынан бастап жұмыс ауқымын арттырады. Мысалы, Invivo зертханасы тәулігіне тест санын 1 мыңнан 2 мыңға дейін көбейтеді. Олимп шамадан тыс жүктеме мен жүйені өңдеу қажеттілігіне байланысты сейсенбі күні жұмысын жалғастырады. Олардың жүктемесі артады. Бұл басқа зертханаларға да қатысты.
  • Екінші. Тестілеу режимінде мобильді зертханалардың жұмысын іске қосамыз. Бұл – тәулігіне тағы 1 мың тест. ПТР-тесттерді қабылдау және нәтижелерді өңдеу бір топ медицина қызметкерлеріне үйретілді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.
  • Үшінші. Дүйсенбі күні қосымша 200 төсек-орнын ашамыз. Сондай-ақ, басқа да мекемелерді стационарларға қайта бейімдейміз.
  • Төртінші. Травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic сияқты Республикалық клиникалармен КТ өткізу мүмкіндігін бекіту туралы келісімге қол қойдық. Бұл пневмонияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қосымша компьютерлік томография мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып аламыз.
  • Бесінші. Егер бұрын жедел жәрдемге 1 мыңнан астам өтініш келіп түссе, қазір 4 мыңға дейін жетіп отыр. Жедел жәрдем станциясы базасында ашылған колл-орталық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Од барлық емханаларда болады. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі.
  • Алтыншы. Телемедицинаны пайдалану тәжірибесі жалғасып жатыр. Коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау арқылы және басқа байланыс арналары арқылы денсаулықты қадағалайды және инфекцияның симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Пациенттерде симптомдар пайда болған жағдайда ауруханаға жатқызылады.
  • Жетінші. Дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектер уақтылы әкелінуі тиіс. Өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз" , - деп жазды елорда әкімі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Вирус жойылып кеткен жоқ": Елордада жедел жәрдем шақырту төрт есеге көбейген