Выйти
RU

Таразда наразы халық карантинге қарамастан базар алдында шу шығарды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тараз қаласында карантин кезінде базар алдында жиылған халықтың видеосы тарап, елді дүрліктірді. Өңір әкімдігі адамдардың алаңға жиналуының себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers_official

Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers_official

Базар алдында жиналып алған наразы халықтың видесы Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланған. Бейнежазбада адамдардың ысқырып, айқайға салып жатқанын естуге болады.

Видеороликтің астындағы жазбада оқиғаның Тараза қаласында болғаны ғана жазылған. Алайда, автор халық наразылығына не себеп болғанын айтпаған.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ редакциясына орын алған оқиғаға қатысты жауап беріп, алаңға шыққан адамдардың базар жұмысшылары екенін мәлімдеді.

Аталмыш базар қызметкерлері арасында коронавирус жұқтыру деректері тіркеліп, мониторингтік топтар санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігінің ережелері бұзылғанын анықтаған болып шықты. Сол себепті, өңірдің бас санитар дәрігері демалыс күндеріне барлық қалалық базарларды жауып тастау шешімін қабылдады.

"Бұл ақпарат базар иелеріне жеткізілді. Алайда, бір базардың әкімшілігі өз қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізбей, оларға ештене ескертпеген болып шықты. Сол себепті, қызметкерлер өз наразылығын білдіріп, түсініспеушілік орын алды " , - деді әкімдік өкілдері.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Нәтижесінде наразы халықпен өңір әкімінің орынбасары кездесіп, оларға бұған дейін анықталған заңбұзушылықтар жойылған жағдайда ғана жұмысқа оралуға болатынын жеткізді.

Өңір басшысы Сапарбаев аталмыш базардың кәсіподақ жұмысшыларымен өзі кездесті. Ол қызметкерлерге санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау біріншіден олардың денсаулығы үшін аса маңызды екенін түсіндірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таразда наразы халық карантинге қарамастан базар алдында шу шығарды (видео)