RU

"Дене қызуы тұрақты, ауру белгілері байқалмайды": Үкібай Елбасының жағдайымен бөлісті

Осыдан екі күн бұрын, 18 маусым күні Қазақстанның тұңғыш президені Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус инфекциясы анықталды. Бүгін, Елбасының өзін қалай сезініп жатқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Назарбаевтың қазіргі жағдайы жөнінде оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Tengrinews,kz басылымына айтып берді.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы, ауру симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы тұрақты, КВИ-ге тән белгілер байқайлмайды. Қазақстанның тұңғыш президенті дәрігерлердің бақылауында. Олардың мәліметінше, алаңдауға еш негіз жоқ" , - деді Айдос Үкібай.

Елбасының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде қашықтықтан жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол бірнеше мемлекет басшыларынан қоңырау қабылдап, өзіне келіп түсіп жатқан барлық телеграммаларды оқып шығуға тырысуда. Еліміздің тұңғыш президентіне тек қана ел басшылары ғана емес, мәдениет қайраткерлері, ЖОО басшылары, қоғам қайраткерлері мен халық әртістері де білдіріп жатыр.

"Адамдар шынымен Елбасы үшін алаңдап, оның денсауылыңына уайымдап жатыр" , - деді Үкібай.

Оған қоса, Елбасы жастардың #ElbasymenBirge хэштегін ерекше атап өтті. Үкібайдың сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев халқының асқан қамқорлығына тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861382-dene-kyzuy-trakty-auru-belgileri-bajkalmajdy-kibaj-elbasyny-zagdajymen-blisti.html