RU

Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды

2020 жылғы 20 маусымда елімізде бірден 5 адамның коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстан бойынша қатерлі індеттен барлығы 118 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды
Фото: pixabay.com: UGC

Соңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы - 1956, 1966, 1942 жылдары туған ер азаматтар, Ақмола облысы - 1955 жылы дүниеге келген әйел адам, Алматы қаласы - 1960 жылы туған ер адам инфекциядан көз жұмды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы 118 адам қайтыс болды. Соның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 32

Алматы қаласы – 18

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 8

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Түркістан облысы – 8 адам коронавирустың құрбаны болды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 17225-ке жетті. 20 маусымдағы Қазақстан бойынша ауру өсімі 2,7 пайызды құрап отыр. Ең көбі Алматы қаласында – 66 адам ауру жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861393-koronavirus-indetinen-5-naukas-kz-zmdy.html