Выйти
RU

Қазақстанда ҰБТ басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 21 маусымда Қазақстанда мектеп түлектеріне арналған ұлттық бірыңғай тестілеу басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ҰБТ басталды

Көрнекі фото: novoetv.kz

Бұған дейін білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың хабарлағандай, осы жылдың басында коронавирус пандемиясына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау талаптары күшейтілуде.

ҰБТ және грантты иеленгені жайлы сертификаттар электронды түрде болады.

Әрі қарай үміткерлер дезинфекцияның бес кезеңінен өтеді. Ол үшін арнайы дезинфекциялық туннель және аяқкиімді өңдеуге арналған төсеніш қойылады.

Сондай-ақ, қолды да тазалау қажет. Ол үшін ҰБТ тапсыру пункттерінде санитайзерлер болады.

Ал кіреберісте талапкерлердің дене температурасын өлшеп, бетперде беріледі.

"Ата-аналарға және түлектерді алып жүруші басқа тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналарға ҰБТ өту барысын сол жерге келмей-ақ үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілімді ұйымдастырамыз",– деді министр.

Сонымен қатар аудиториялардағы талапкерлер саны екі есе азаяды, өйткені коронавирусты жұқтырудың алдын алу шараларының бірі – кемінде 2 метр арақашықтық сақтау.

Еске салсақ, ата-аналарға балаларын ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда ҰБТ басталды