Выйти
RU

Тоқаев қазақстандық ақ халаттыларды құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Twitter-дегі президентке сілтеме жасап.

Тоқаев қазақстандық ақ халаттыларды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: twitter.com/TokayevKZ

"Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз", – деп жазды президент.

Мемлекет басшысы қазір медицина қызметкерлерінің көпшілігі коронавирус пандемиясымен күресте алдыңғы қатарда екенін атап өтті.

"Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", – деп жазды Тоқаев.

Еске салсақ, бүгін Қазақстанда медицина қызметкері күні атап өтіледі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 17 225-ке жетті. 20 маусымдағы Қазақстан бойынша ауру өсімі 2,7 пайызды құрап отыр. Ең көбі Алматы қаласында – 66 адам ауру жұқтырған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, 5 адамның коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды. Қазақстан бойынша қатерлі індеттен барлығы 118 адам қайтыс болды.

18 маусым күні Қазақстанның тұңғыш президені Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус инфекциясы анықталды. Елбасының өзін қалай сезініп жатқаны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев қазақстандық ақ халаттыларды құттықтады