Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нығматулин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Опубликовано:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин отандық денсаулық сақтау өкілдерін медицина қызметкері күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Нығматулин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Нұрлан Нығматулин. Фото: ҚР парламент мәжілісінің баспасөз қызметі: UGC

Мәжіліс депутаттары атынан құттықтауды Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялады.

"Мәжіліс депутаттары атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бүгін өзім ауруханада ем қабылдап жатқанда, дәрігерлер мен медбикелердің індетпен күрескеніне куә болдым. Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!",– деп жазды мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, медицина қызметкерінің күні нағыз ұлттық мерекеге айналды. Әр дәрігердің қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға қосқан үлесі орасан зор.

Айта кету керек, парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулаған еді. Ол шамамен бір апта бұрын бұған дейін коронавирус анықталған Елжан Біртановты қабылдаған болатын.

Еске сала кетсек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ақ халаттыларды құттықтады.

18 маусым күні Қазақстанның тұңғыш президені Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус инфекциясы анықталды. Елбасының өзін қалай сезініп жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861410-nygmatulin-medicina-kyzmetkerlerin-ksibi-merekelerimen-kttyktady/

pixel