Выйти
RU

Атыраудағы аурухананы коронавирус жұқтырғандар толтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау қаласының ауруханасында коронавирус жұқтырған пациенттер саны жоспарланған межеден асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ATPress сайтына сілтеме жасап.

Атыраудағы аурухананы коронавирус жұқтырғандар толтырды

Фото: NUR.KZ

Облыстық №2 аурухана 180 төсек-орынға есептелген, бірақ қазір мұнда 200-ге жуық науқас бар. Мәселені шешу үшін Махамбет туберкулез ауруханасында 100 орындық тағы бір бөлім ашылды.

"Жағдай өте ауыр, жұмыс күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Осыған қарамастан, медицина қызметкерлері келгендердің барлығын қарап, емдейді. Олардың арасында ауыр науқастар бар, оларды біз жансақтау бөлімшелеріне және жұқпалы аурулар ауруханаларына жібереміз", – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Аймақтағы барлық дәрігерлер штаттық режимде жұмыс істейді.

Өткен тәулік ішінде, 20 маусым күні, Атырау облысында инфекцияның 16 жаңа жағдайы анықталды.

Атырау қаласында - 13 жағдай, Теңіз кен орнында - екі жағдай, Құлсарыда - бір жағдай.

Еске салсақ, бұған дейін бас дәрігер Ақтөбе ауруханасында түсірілген жанжалды видеоға қатысты пікір білдірген еді. Видеода Ақтөбедегі теміржол ауруханасының дәрігері пациенттерді қабылдаудан бас тартып жатқанын көруге болады.

Айта кету керек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ақ халаттыларды құттықтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атыраудағы аурухананы коронавирус жұқтырғандар толтырды