Выйти
RU

Германияда Ленинге алғаш рет ескерткіш орнатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Германияда Владимир Ленинге алғашқы ескерткіш орнатылды. Бастапқыда қала әкімшілігі мұндай бастамаға қарсы болған, алайда кейін бұл іске қолдау білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Германияда Ленинге алғашқы ескерткіш орнатылды

Коллаж NUR.KZ. Фото: РИА Новости

Бұл Батыс Германиядағы алғашқы орнатылған ескерткіштердің бірі.

Мүсін алғаш Чехословакияда 1957 жылы орнатылды. Бұл елдегі ең алғашқы Ленин ескерткіші болды.

Ескерткіш интернет-дүкен арқылы Австриядан сатып алынды. Сатып алушы Германия маркстік-лениндік партиясы болды.

Партия өкілі Петер Вайспфенингтің айтуынша, мүсіннің биіктігі – 2,15 метр. Тұғырдың жанында коммунистердің көшбасшысы туралы ақпарат көрсетілген.

Вайспфенинг атап өткендей, алдымен қала әкімшілігі оны орнату ұсынысына наразылықпен ретінде жауап берді. Осыдан кейін партия сотқа шағым түсіріп, оны орнатуға рұқсат алды.

Алайда, Вайспфенингтің айтуынша, ескерткішті орнатуды 68 пайыз, яғни халықтың көп бөлігі қолдаған көрінеді. Маркстік-лениндіктер жүргізген онлайн-сауалнама мәліметтері осындай.

Вайспфенинг, сонымен қатар, коммунистердің көшбасшысының жеке басына да тоқталды. Ол өз партиясындағылар 1917 жылғы революцияның, азамат соғысының және онымен байланысты зардап шеккендердің тарихымен таныс екенін айтты, алайда оның сөзіне қарағанда, бұл жағдайларға "тек Ленинді айыптауға болмайды".

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Бастапқыда ескерткіштің салтанатты ашылуы 14 наурызда өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ содан кейін шара кейінге қалдырылды.

Еске сала кетсек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ақ халаттыларды құттықтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Германияда Ленинге алғаш рет ескерткіш орнатылды