Выйти
RU

Атырауда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырауда коронавирус инфекциясынан тоғызыншы адам қайтыс болды. Марқұм – 1939 жылы туған ер адам деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл жолы ер адам инфекцияның құрбаны болды. Науқастың жасы 81-де болған.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ауруханаға жатқызу кезінде науқастың дене температурасы 39°C болғанын айтты. Ол құрғақ жөтел, әлсіздік, тершеңдік және асқа тәбетінің жоқтығына шағымданған екен, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Сонымен бірге, бұл жағдай маусымның басынан бастап байқалыпты, бірақ ер адам дәрігерлердің айтуынша, медициналық көмекке жүгінбестен өзін-өзі емдеген.

Тек 11 маусымда оны медициналық мекемеге апарған кезде оған коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған.

Кеше, 20 маусымда ер адамның жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтап қалды.

Еске сала кетсек, Қазақтанда өткен тәулікте тағы 446 адам коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта жалпы ел аумағында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 17 225-ке жеткені туралы жазған едік.

Тағы 5 адам жаңа типті жұқпалы аурудың құрбанына айналды. Осылайша елімізде қауіпті індеттен болған қайғылы жағдайлар саны 118-ке жетті.

Елімізде тағы 48 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Жалпы, Қазақстан бойынша 10 719 адам аурудан айығып кетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды