2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Тоқаев дәрігерлерді мемлекеттік орден-медальдармен марапаттады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ дәрігерлерді мемлекеттік ордендер мен медальдармен марапаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Тоқаев дәрігерлерді мемлекеттік орден-медальдармен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды.

Бәрік Уәли атап өткендей, медицина қызметкерлерінің бір тобын Қазақстан азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген үшін марапатталды. Бұған дейін Тоқаев Twitter-де парақшасында қазақстандық ақ халаттыларды жеке құттықтаған болатын.

Ол оларды бүгінде елімізде атап өтілетін медицина қызметкері күнімен құттықтады. Тоқаев дәрігерлерге адал жұмыстары үшін алғыс айтып, оларға амандық және денсаулық тіледі. Сонымен қатар, ол дәрігерлерге көмек беру мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті.

"Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. үгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер", – деп жазды президент әлеуметтік желіде.

Маусымның әр үшінші жексенбісі Қазақстан бойынша ақ халаттылар күніне арналған мереке тойланады. Елде бұл мерекені 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті жарлығынан кейін тойлай бастады.

Еске сала кетсек, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев дәрігерлерді мемлекеттік орден-медальдармен марапаттады