Выйти
RU

"Ашпыз": Ақтөбеде жүзде аса жұмысшы жалақыларын сұрап, әкімдіктің алдына барды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жалақы алмаған 150 жұмысшы демалыс күніне қарамай жанайқайын айтып, облыс әкімдігіне барды. Қаланы көгалдандырумен айналысып отырған мекеме қызметкерлері жұмысқа баратын жолақы, азық-түлік алатын ақша таппай қалған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ашпыз": Ақтөбеде жүзде аса жұмысшы жалақыларын сұрап, әкімдіктің алдына барды

Фото: NUR.KZ

"Нұрлы-Таң Ақтөбе" мекемесінің жұмысшылар алдындағы қарызы – 428 млн теңгеге жеткен.

"Мен көпбалалы анамын, бес балам бар. Күн көру үшін Тараз қаласынан осында жұмыс жасауға келдік. Жалақы алмағанымызға екі ай болды. Несиеміз бар, қиын. Аштан өлеміз бе? Біз өз еңбегіміздің ақысын сұрап жүрміз", – дейді жұмысшылардың бірі Ақмарал Нарходжаева.

Жұмысшылар жасалынған жұмысқа әкімдіктің ақша аудармай жатқанына сенімді. Сондықтан бүгін облыс әкімдігінің алдына барып, мәселенің ашығын айтуда.

"Біз кімге алданғанымызды түсінбей отырмыз. Әкімшілік жасалынған жұмысқа ақша аудару уақытын созып келеді. Еңбекақымызды әкімдіктен сұрап келгеннен басқа амалымыз қалмады. Шыны керек, жұмысқа келу үшін жолақы таба алмай отырғандар бар. Көбі нан таба алмай аш жүр", – дейді мекеме қызметкері Руслан Серікұлы.

Мұны жұмысшылар алдында қарызға белшеден батқан мекеме басшылары да жоққа шығармайды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Мекемеде қаланы көгалдандырумен айналысатын 160 адам және суарумен айналысатын 50 техникамыз бар. Биылғы жұмыстар 4 мамырдан басталды. Жалақыны қазір тек жұмысшылар ғана емес, бәріміз де ала алмай отырмыз. Әкімшілік кеше бізбен келісімшартты үзді деген әңгімені естідік. Оның қаншалықты рас екенін білмейміз. Осыны білгіміз келеді. Жалақы алмағанымызға екі айға жуықтады. Несиелерін төлей алмай отырған жұмысшыларымыз бар. Оқу ақысын төлеу үшін жұмыс жасап жүрген студенттеріміз бар. Пәтер жалдап жүрген жұмысшылар жағдайы қиындап кетті. Фирмада қазір ақша жоқ. Әкімшілік ешқандай ақша аударған жоқ", – дейді "Нұрлы-Таң Ақтөбе" ЖШС басшысынының орынбасары Әлімжан Қоғабаев.
"Ашпыз": Ақтөбеде жүзде аса жұмысшы жалақыларын сұрап, әкімдіктің алдына барды

Фото: NUR.KZ

Облыс әкімдігінің алдына жалақыларын алмай жүргендердің жанайқайын тыңдауға қалалық билік өкілдері келді.

"Мекеме басшыларымен хабарластық. Қазір ол кісі Нұр-Сұлтан қаласында. Келесі апта толықтай жалақы сұрағы шешіледі", – дейді Астана ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Шілманов.

Ал еңбек инспекциясының өкілі облыста жұмысшылар жалақысын бермей отырған тағы төрт мекеменің барын айтты.

"Бұл жерде тапсырыс беруші мен орындаушы арасында дау болып тұр. Мекемесінің жұмысшылары бізге арыз түсірген жоқ. Қазір облыста жұмысшы жалақысын уақытында төлемеген төрт мекеме бар. Ол төрт мекеменің қарызы шамамен 160 млн теңге болады. "Нұрлы-Таң Ақтөбе" бесінші мекеме. Бұл жердегі жағдай зерттелген жоқ. Дегенмен бейтаныс мекеме, бейтаныс мәселе емес", – дейді еңбек инспекциясы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Аслан Бахатов.

Ақтөбеде пневмониямен ауыратын науқастарды қабылдаудан өрескел түрде бас тартқан теміржол ауруханасының дәрігері өзінің тәртібіне қатысты өкінішін білдіргені туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ашпыз": Ақтөбеде жүзде аса жұмысшы жалақыларын сұрап, әкімдіктің алдына барды