Выйти
RU

"Қайыршыға айналды": Карантинде ақшасыз қалған блогерлерді журналист сынға алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық журналист әрі "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Айдос Игіліков карантинде жарнамасыз қалған Instagram-дағы блогерлерді сынға алды. Ол желідегі танымал адамның өзінен жұмыс сұрап хабарласқанын тілге тиек еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Айдос Игіліковтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Фото: Айдос Игіліковтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

"Карантин көп адамға оңай соққан жоқ. Оның ішінде, өздерін Instagram-да жұлдыз санайтындарға обал болды. Карантин жеңіл байып кетем дегендердің бетпердесін жыртты. Әншілерді айтқым келмейді, оларды сіз менен де жақсы білесіз. Өздерін табыстымыз деп есептейтін "инстаграмщиктер" - нағыз далбаса жандар.

Олардың басты мақсаты – жарнамамен байып кету. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүреді. Өздерін трендетеміз деп есептейді. Бірақ 1-2 ай ішінде қайыршыға айналды.

Сондай "білгіштердің" бірі жақында жұмыс сұрап, телефон шалды. Не мамандығы жоқ, не білімі жоқ. Өкінішке қарай, сондай адамдарды үлгі тұтатындар, әулие көретіндер көп. Оқырманы бір облыстың халқына тең болған соң, инстаграм туралы сұраған едім. Айтуынша, лото ойнататындар, гив тауып беретіндер қазір үнсіз жатқан көрінеді. Маңдай термен тапқан табыста береке бар, соны ұмытпаңыздар", - дейді журналист Айдос Игіліков.

Еске сала кетсек, Айдос Игіліков коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қайыршыға айналды": Карантинде ақшасыз қалған блогерлерді журналист сынға алды