Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жер қойнына тапсырдық": Асхат Cадырбай қайын атасына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай бұрынғы қайын атасының мезгілсіз қазасына қатысты желіде жантебірентерлік жазба арнады. Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі қайын атасы қандай адам болғанын айтып, онымен болған ерекше естеліктер туралы жан сырын ақтарды. Ол марқұмды ақтық сапарына шығарып салуға қатысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/askhatsadyrbay/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай Ерке Есмахан екеуі ажырасып жатқанда қайын атасы оған бірде-бір ауыр сөз айтпағанын жеткізді. Журналист әншінің әкесімен соңғы рет кездескен сәтін есіне алып, Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды.

"Былтыр күзде ғана ата отбасы мен немерелерімен астанаға келіп, бәріміз Бурабайға барып, сосын кешке түрік мейрамханасында дастархан жайып, күтіп, бір шүйіркелесіп отырып едік. Алматыда тұратын кезімде атаның сүйікті апорттарын Көк базардан іздеп тауып, пойыздан сәлемдеме салып тұратынмын. Ата да келген кезде әйтеуір бір сыйлықпен келетін.

Өмір болған соң бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Басымыздан тағдырдың қиын сынағын өткізіп жатқан сәттерде де ол кісі маған бір ауыз ауыр сөз айтпаған еді. Ойланып отырсам ол да екінің бірінде кездесе бермейтін үлкен адамдық қасиет екен ғой. Жалпы ата көп сөйлемейтін, байыппен бақылап, тыңдап отырып, сосын нақты айтатын. Газет оқитын, ноутбугын тастамай жүріп көп жазу жазатын. Тіл жанашыры еді.

Еңбек жолының көп жылын қазақ тілінің дамуына, өркендеуіне жұмсады, оқу-ағарту ісіне үлкен үлес қосты. Ырғыздағы музыкалық мектептің ашылуына мұрындық болған. Өзі тіл маманы болса да спорттық ойындардың ережелерін жақсы білген. Өзі ұстаз болған жылдары балаларға ерінбей сол ережелердің бәрін үйретіпті. Ауылда болса да жазда воллейбол, қыста хоккей ойнатқан.

Міне, ел үшін туған азамат өз еңбегімен талай жетістіктерге жетіп, ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп, шөбере көріп, о дүниеге асқақ армандары орындалып аттанды. Бүгін ақсақалды жер қойнына тапсырдық. Бақұл болыңыз" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерке Есмазанның әкесі қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861454-zer-kojnyna-tapsyrdyk-ashat-cadyrbaj-kajyn-atasyna-serli-zazba-arnady/

pixel