RU

"Ешкімді аяп жатқан жоқ": Концерттерді сағынған Сәдуақасова жанайқайын жеткізді

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова жанкүйерлерімен қауышып, концерт беруді аса қатты сағынып жүр. Өнер иесі тыңдармандары алдында сахнада ән шырқау арман болып кетсе де, оларды карантин талаптарын ұстанып шыдамдық танытуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мадина Сәдуақасова елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсармай жатқанына қапалы. Оның салдарынан концерттердің өтпей жатқанына ашынған әнші бар ойын Instagram парақшасында жеткізген.

"Көрерменсіз концерт концерт па?! Адамдардың энергетикасы, күлімдеп тұрған көздері, эмоциялары, әніңе қосылып ән шырқайды, сыйлаған гүл шоқтары, шапалақтары. Концерттен кейін шығып бәрімен сүретке түсесің, арасында сұрақтарға жауап бересің, автограф жазып бересің , тілектерді “өлтіріп”, қалжыңдасасың!. Осы ғой нағыз өнер адамына керегі!
Ал қазір карантинге бағынуымыз керек, өйткені, вирус бар! ешкімді аяп жатқан жоқ, біреу жеңіл түрде ауырса, біреуінің ағзасы көтермей жатыр! Сақтанайық, абай болайық, ауырып жатқандарға емдері шипа болсын, жақсы күндер болады алдымызда, күтейік, сабыр сақтайық! Ал осындай телеконцерттердің ұйымдастырушыларына рахмет үлкен, телевидение арқылы болса да , көрерменемен қауыштырып жатқандарыңыз үшін! Амандықта, саулықта, концерттерде жолығайық, ағайын" , - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861455-eskimdi-aap-zatkan-zok-koncertterdi-sagyngan-sduakasova-zanajkajyn-zetkizdi.html