RU

Елімізде тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 120-ға жетті. Өткен тәулікте елімізде тағы екі өлім жағдайы тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Алматы қаласында коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. 1960, 1957 жылдары туған ер азаматтар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 120 адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде елімізде коронавируспен ауырғандар саны 17 225-ке, ал ауру белгісі жоқ адамдардың саны 8229-ға жетіп отыр.

Ал COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққандар саны қазіргі уақытта 10 897.

Естеріңізге сала кетейік, өңілерде эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына және коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың өсуіне байланысты ведомствоаралық комиссия елімізде 20-21 маусым күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Мәселен кеше Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз және тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмыс істеген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861466-elimizde-tagy-eki-adam-koronavirustan-kajtys-boldy.html