RU

Қазақстанда коронавируспен ауырған тағы 507 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде өткен тәулікте тағы 507 адамда COVID-19 диагнозы расталған. Осылайша Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 17732-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

"Қазақстанда өткен тәулікте 507 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды Олардың 103-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 58-і Қарағанды облысынан, 38-і Атырау облысынан, 34-і ШҚО-дан, 33-і Қостанай облысынан, 32-і БҚО-дан, 32-і Алматы қаласынан, 31-і Павлодар облысынан, 27-і СҚО-дан, 22-і Ақмола облысынан, 19-ы Шымкент қаласынан, 19-ы Түркістан облынан, 18-і Ақтөбе облысынан, 15-і Маңғыстау облысынан, 10-ы Алматы облысынан, тоғызы Жамбыл облысынан, жетеуі Қызылорда облысынан. Ауру өсімі 2,9%", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан 226 адам жазылып шықса, екі адам қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар

Аша Матай фильмографиясы: Актриса қандай фильмдерге түсті?

Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, өңілерде эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына және коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың өсуіне байланысты ведомствоаралық комиссия елімізде 20-21 маусым күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Мәселен кеше Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз және тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмыс істеген жоқ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавируспен ауырған тағы 507 адам тіркелді