RU

Путин президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин конституцияға тиісті түзетулер енгізілетін болса, президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін жоққа шығармады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Путин президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін айтты
Фото: Кремльдің баспасөз қызметі: UGC
"Мен өзім үшін әлі ештеңе шешкен жоқпын. Егер конституция мүмкіндік берсе, сайлауға түсу ықтималдығын жоққа шығармаймын. Ол жағын әлі көре жатармыз", – дейді Путин.

Сонымен бірге, Ресей мемлекетінің басшысы барлық шенеунікті қазіргі уақытта өзінің ізбасарын іздеуге емес, жұмысымен айналысуға шақырды.

"Мұрагерлер іздемей, жұмыс істеу керек", – деді ол.

Мемлекет басшысы Ресей Конституциясына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстың өте орында екеніне сенімді.

"Мен қолданыстағы конституцияға түзетулер енгізуді қабылдауды дұрыс істеп жатқандығымызға толық сенімдімін", - деген Путин соңғы айлардағы оқиғалар мұның дұрыстығын дәлелдегенін атап өтті.
"Қазіргі конституция ерекше мерзімде – ең өткір ішкі саяси дағдарыс жағдайында, танктер парламентке оқ жаудырып, Мәскеуде құрбан болғандармен қақтығыс жағдайында қабылданды", – деп еске алады президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Путиннің еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861481-putin-prezidenttik-sajlauga-tsui-mmkin-ekenin-ajtty.html