Выйти
RU

ҰБТ-ның алғашқы күні 160 адам оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 160 талапкер ереже бұзғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомство мәліметінше, осы жылы ҰБТ тапсыруда бақылау күшейтіліп, әр аудитория видеокамералармен жабдықталған.

"Қатысушылар металл іздегіштен өтпестен бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды.

Алғашқы күні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзған 87 талапкер, яғни 160 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген", - деді білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандардың зерттейтіні белгілі боллы.

Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталса, талапкердің тест нәтижелері жойылмақ.

Егер қатысушыға грант тағайындалған болса, ол қайтарылады.

Еске сала кетсек, 21 маусымда Қазақстанда мектеп түлектеріне арналған ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰБТ-ның алғашқы күні 160 адам оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды