Выйти
RU

Ташкентте туған күн тойлаған 13 адам коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі Ташкентте туған күн тойлау кезінде 13 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Өзбекстан-ға сілтеме жасап.

Ташкентте туған күн тойлаған 13 адам коронавирус жұқтырды

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомствоның хабарлауынша, вирус жұқтырғандардың барлығы бір-біріне туыс.

"Сондай-ақ, Юнусабад ауданында такси жүргізушісінен, Алмазар ауданындағы үй шаруасындағы әйелден, Сергелі ауданында жұмыс істейтін сатушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен қатар, вирус сол аудандағы әйел мен оның екі баласынан да расталды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, коронавирус Учтепа ауданының кәсіпкерінен және Шайхонтохур ауданының тұрғынынан анықталған. Қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, бүгінде көрші елде коронавирус жұқтырғандардың саны 6315-ке жеткен. Олардың 4377-і жазылып шықса, 19 адам қайтыс болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанның Сурхандария облысы Музрабад ауданы тұрғындары 250 адамға той өткізіп, салтанатты кештен кейін барлық мейман карантинге жіберілгенін хабарлаған едік.

Облыс әкімшілігінің мәліметінше, өңірде санитарлық нормаларды сақтамай, салтанатты рәсімдер мен той өткізетін халық көп. Оларға қатысқан азаматтар бүгінде карантинде жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ташкентте туған күн тойлаған 13 адам коронавирус жұқтырды