Выйти
RU

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта өңір басшысы оқшауланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: ОКҚ

Фото: ОКҚ

Өңір әкімінің коронавирус жұқтырғанын баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз (симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиден, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннен, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан, Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтан коронавирус анықталған еді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 17 732-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 507 адамнан COVID-19 диагнозы расталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталды