Выйти
RU

Биыл саяхаттауға арналған ең қауіпсіз қай елдер

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус пандемиясымен сәтті күрескен және саяхаттауға ұсынуға лайықты елдердің тізімі шықты. Independent басылымының рейтингіне сәйкес 2020 жылы саяхатқа арналған ең қауіпсіз мемлекет деп Вьетнам танылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

фотрепка ла п

Көрнекі фото: pixabay.com

Журналистердің мәліметінше, Вьетнамда індеттің бүкіл кезеңінде 342 коронавирус жұқтыру дерегі расталған, бірақ бірде-бір өлім тіркелмеген. Материал авторларының пікірінше, мұндай нәтижеге қол жеткізуге биліктің жедел әрекеті және коронавирустың алдын-алу бойынша қатаң шаралар себеп болған.

фотрепка ла п

Фото: pixabay.com

Сондай-ақ, қауіпсіз мемлекеттер арасында екінші орында Греция тұр. Басылым авторларының пікірінше, мемлекет індеттің таралуын лезде тоқтата алған.

"Салоникада аурудың алғашқы жағдайы тіркелгеннен кейін бір күн өткен соң, үкімет жыл сайынғы карнавалды кейінге шегерді. Содан кейін мектептер, барлар, кафелер мен мұражайлар жабылып, міндетті әлеуметтік қашықтық енгізілді", - делінген материалда.
фотрепка ла п

Фото: pixabay.com

Сондай-ақ, рейтинг тізімінен Гонконг та көруге болады. Бұл елдің билігі маскаларды тағу ережесін енгізіп, Қытай мен Исландияға жолдарды жапқан.

фотрепка ла п

Жаңа Зеландия, фото: pixabay.com

Сонымен қатар, басылым редакторлары Жаңа Зеландия мен Тринидад және Тобаго аралдарын саяхаттауға болатын орындар деп атады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

фотрепка ла п

Тринидад аралдары, Фото: pixabay.com

фотрепка ла п

Тобаго аралы, Фото: pixabay.com

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемнің ғажайыптарын кофенің бос стақандарына суреттейтін саяхатшы туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Биыл саяхаттауға арналған ең қауіпсіз қай елдер