2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Тегерандағы ұшақ апаты: Зеленский Иранды сотқа беруі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский Иран байқаусызда құлатқан МАУ әуе компанисының ұшағына қатысты міндеттемелерді орындамаған жағдайда халықаралық сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тегерандағы ұшақ апаты: Зеленский Иранды сотқа беруі мүмкін

Фото: Стрингер/ РИА Новости

Мемлекет басшысы Иран билігі қайғылы оқиғадан кейін берген уәдесін орындайды деп сенеді.

Мәселен, президент тек ұшақтың қара жәшігін ғана емес, тиісті өтемақы алуды көздеп отыр. Зеленский Иранның ресми түрде кешірім сұрағанын қалайды.

"Олай болмаған жағдайда, бізде басқа амал қалмайды. Олар біздің ұстанымды біледі, біз халықаралық сотқа жүгінуге мәжбүр боламыз", - деді ол.

Осыған дейін Иран билігі қаңтар айында Тегеранда құлаған украиналық Boeing 737 ұшағының қара жәшігін Украинаға беруден бас тартқан еді. Бұл қадамға Киевтің борттағы қара жәшікке қатысты Тегеранға жауапты кеш қатуы себеп болған. Сондықтан, қара жәшіктер Францияға жіберілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты.

Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, бұған "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тегерандағы ұшақ апаты: Зеленский Иранды сотқа беруі мүмкін