Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмшат Жолдыбаева мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Кәмшат Жолдыбаева желіні тағы да шулатты. Бұған дейін желіде белсенділік азайтқан әнші бұл жолы бірден бірнеше ерекше образдағы суреттерімен бөліскен. Бірінен бірі өткен ашық фотосессиялар бірден елдің қызу талқысына қалып, ерлер қауымының таңданысын тудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kamshat_zholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kamshat_zholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Кәмшат Жолдыбаева алдымен жалаңаш денесіне жасыл түсті костюм киіп, өзінің ұзын аяқтарын паш еткен.

Одан кейін әнші аса батыл образға көшіп көрген. Онда эстрада жұлдызының мінсіз мүсіні ерекшеленіп, оның төсі қалың көпшілік назарына бірден түскен. Бұл фотосессияда Жолдыбаева төстартқышсыз бой көрсетті.

Келесі суреттерде өнер иесінің гүлді корсетте тұрғанын байқауға болады. Ол кадрлардың бірінде бетін гүлді бетпердемен тұмшалап алған.

Жолдыбаеваның соңғы образы да айтарлықтай ашық болып шықты. Әнші ақ түсті көйлек пен қысқа қара түсті шолақ шалбар киіп алған.

Желі қолданушылары Жолдыбаеваның суреттеріне қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оны ашық образдары үшін сынап жатса, енді бірі керісінше оның мінсіз мүсініне тамсана қараған.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жолдыбаева да желідегілердің ашуына тиген болатын. Әнші ару бөксесін қалың көпшілік назарына паш етіп, оңбай сөз естіді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861531-kmsat-zoldybaeva-minsiz-msinimen-erler-kauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel