Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден құлап кеткен ер азамат қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда көпқабатты ғимараттың терезесінен құлаған азамат қайтыс болды. Елордалық денсаулық сақтау басқармасында хабарланғандай, ер адамның жағдайы ауыр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден секіріп кеткен ер адам қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай, елордалық тұрғын алған жарақаттарынан көз жұмған.

"21 маусым күні кешке қалалық жедел медициналық жәрдем бекетіне биік ғимараттан ер адамның құлағаны туралы қоңырау түсті. Дереу дәрігерлер бригадасы оқиға орнына келді. 1989 жылы туған ер адам ауыр халде №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр болатын алған жарақатынан қайтыс болды", - дейді Айжан Иса.

Дәл сол күні сол мекенжайда тағы бір оқиға өз-өзіне қол салуға оқталу фактісі тіркелген.

"Дәрігерлер тобы оқиға орнына жетті. Ол жерде бір әйел көпқабатты үйден құлап кетті. 1986 жылы туған әйел адамды №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткіздік. Пациент жамбастың сынуы және жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Барлық қажетті медициналық көмек толық көрсетілуде, ол палатада жатыр", - деп атап өтті басқармада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыздың көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кеткені туралы хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден құлап кеткен ер азамат қайтыс болды