Выйти
RU

Түркістан қаласының әкімі де коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтан коронавирус анықталған. Бұл туралы қала басшысы желідегі парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі де коронавирус жұқтырды

Рашид Аюпов. Фото: Facebook

Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығы сыр берген Рашид Аюпов дәрігерлер көмегіне жүгініп, коронавирусқа тест тапсырған.

Қала әкімінің сөзінше, ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын растаған.

"Жұмыс барысымен күнделікті адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде. ⠀ Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді. ⠀ Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады. ⠀ Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын! ",- деп жазды Рашид Аюпов Facebook парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус инфекциясы анықталды еді.

Өңір әкімінің коронавирус жұқтырғанын баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан қаласының әкімі де коронавирус жұқтырды