Выйти
RU

Жігітіне ұсыныс жасамақ болған арудың сақинасы жұртты шошытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Есімінің жасырын болып қалғанын қалаған ару сегіз жыл жүрген сүйіктісінен тұрмысқа шығу туралы ұсынысты көп күткен. Алайда жігіттің әлі күнге дейін үнсіз жүргеніне шыдамаған ол ғашығына өзі қолы мен жүрегін ұсыныпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Жігітіне ұсыныс жасамақ болған арудың сақинасы жұртты шошытты

Фото: Facebook/That’s It I’m Ring Shaming

Бойжеткен сүйіктісіне арнап тіпті, сақина жасатқызыпты. Алайда оның түрі желі қолданушыларының көңілінен шықпаған. Ару оны ерекше ету үшін эпоксид шайырына батырылған тінтуірдің сүйегі мен құйрығынан жасалған жүзікке тапсырыс беріпті.

"Мен егеуқұйрықтың құйрығын әдейі таңдадым. Себебі жігітім кейде өзін солай ұстап, қырсығып қалады. Бірақ мен оны бәрі бір сүйемін. Сондай-ақ айта кетейін, сақинаны жасау кезінде ешбір жануар жапа шеккен жоқ", - деп қоса кетті ол.

Ару дайын болған сақинаны алған соң, бірден сүйіктісіне ұсыныс жасауға кірісті.

"Мен оған ұсыныс жасауға дайындалып тұрғанда біреу бөгет болып қылды. Сақинаны көріп қойған жігітім: "Менен "иә" деген жауап күтпе, себебі сенің алдыңда өзім тізерлеп тұрғым келеді" деді", - дейді ару.

Осылайша, бойжеткеннің қалыңдық атануы үшін тағы біраз уақыт күте тұруына тура келеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жігітіне ұсыныс жасамақ болған арудың сақинасы жұртты шошытты