RU

Шымкентте есірткіні тоңазытқышта сақтаған тұрғын қолға түсті

Шымкент қаласының 46 жастағы тұрғыны есірткі заттарын көп мөлшерде тоңазытқышта сақтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

оооооооооо
Видеодағы кадрлар: UGC

11 маусымда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2020" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі затын заңсыз сақтау фактісі бойынша 1974 жылы туған әйел өз үйінде тоңазытқышта полиэтиленді пакетке орап, есірткіге ұқсас заттарды сақтағанын анықтады. Сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 1 килограммға жуық "марихуана" мен "гашиш" есірткі заттары екендігі анықталды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ, осы есірткі заттарының пайда болу жолдары мен оның заңсыз айналымға салыну деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әйелге қатысты "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында "inDriver" мобильдік қосымшасы арқылы жолаушы тасыған жүргізушінің рульге есірткі шегіп отырғаны анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861553-symkentte-esirtkini-toazytkysta-saktagan-trgyn-kolga-tsti.html