RU

Тимур Құлыбаевтың анасы өмірден өтті

Бүгін, "Атамекен" ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаевтың анасы өмірден озды. Раиса Алдабергенқызының қазасы жөніндегі қаралы хабарды Ұлттық Олимпиада комитеті жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Instagram
"Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады.   Қадірлі Тимур Асқарұлы! Біз орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады.
Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады" , - деп жазылған хабарламада.

"Атамекен" ҰКП төралқа төрағасының анасы неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Тимур Асқарұлына анасының мезгілсіз қазасына орай көңіл айтады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1861558-timur-klybaevty-anasy-mirden-tti.html