Выйти
RU

Коронавирус: Әлемдегі жалпы науқастар саны қаншаға жеткені белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 9 миллионнан асып, қазіргі уақытта 9 051 578-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 млн-нан асты

Фото: The Asahi Shimbun / Contributor / Getty Images

Worldometers статистикалық ресурсының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты сағат 12:00-де коронавирус инфекциясының барлық кезеңінде ауру жұқтырғандар саны тоғыз миллионнан асты.

Коронавирус туралы қазіргі әлемдік статистика мынандай:

Расталған жағдайлар: 9 051 578 адам;

Қайтыс болғандар: 470 804 адам;

Жазылып шыққандар: 4 841 948 адам.

Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттары COVID-19-дың барлық көрсеткіштері бойынша (жұқтырғандар, жазылғандар, қайтыс болғандар) көш басында келеді. Сондай-ақ, ондағы науқастардың миллионға жуығы жазылып шыққанын атап өту керек:

Расталған жағдайлар: 2 356 657 адам;

Қайтыс болғандар: 122 247 адам;

Жазылып шыққандар: 980 355 адам.

Екінші орынға жайғасқан Бразилия – әлемдегі КВИ ауруының миллионға жуық жағдайының шегінен өткен екінші ел.

Расталған жағдайлар: 1 086 990 адам;

Қайтыс болғандар: 50 959 адам;

Жазылып шыққандар: 579 226 адам.

Ресей – жарты миллионнан астам аурудың ресми диагнозы COVID-19 болып қойылған мемлекеттердің арасында үшінші орында.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Расталған жағдайлар: 584 680 адам;

Қайтыс болғандар: 8 111 адам;

Жазылып шыққандар: 339 711 адам.

Сонымен қатар, Үндістанда ауру деңгейінің айтарлықтай өсімі байқалады, онда 420 мыңнан астам адам ауру жұқтырған және күн сайынғы өсу жалғасып жатыр.

Инфекциялардың саны бойынша алғашқы ондыққа Ұлыбритания, Испания, Перу, Чили, Италия және Иран кіреді. Айта кету керек, тізімнің басындағы Оңтүстік Америка елдері жақында пайда болды, ондағы эпидемия кейінірек қарқын ала бастады.

Елдегі жағдайға келсек, Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 17 732-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Әлемдегі жалпы науқастар саны қаншаға жеткені белгілі болды