Выйти
RU

Марқұм адамның киімін сатудың ерекше жолын тапқан әйел танымал болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

40 жастағы тайлық әйел қолданылған киімдерді сатумен айналысады. Өз кәсібіне адамдардың назар аудару үшін әйел өте ерекше тәсілді қолданды. Дүкендегі заттардың көпшілігі дүниеден озған адамдарға тиесілі болғандықтан, тікелей эфир кезінде ол зомби кейпіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Марқұмдардың киімін сатудың ерекше жолын тапқан келіншек желіде танымал болды

Фото: Twitter / medo_b

Соңғы үш жыл ішінде Канитта Тонгнак Таиландтың солтүстігінде Чон Даин көшелерінде қайтыс болғандардың киімін сатумен айналысады. Бірақ CoViD-19 пандемиясының салдарынан бизнесті қайта құру қажет болды.

Әйел өзінің дүкеніне арнайы аккаунт ашып, ол жерде тікелей эфир кезінде тауарларды онлайн сатуға тырысқан. Алайда ол эфирлерді тек бірнеше адам ғана көріп жүріпті. Содан кейін таилық келіншектің ойына керемет идея келді.

"Мен өлген адамдардың киімін сатсам, неге өзіме олардың кейпін сомдап көрмеске деген ой келді", - дейді Канитта.

Осыдан кейін бес күннен соң әйелдің түнгі эфирлеріне төрт мыңнан астам адам қатысты.

Келіншектің сөзінше, бұл оның киім сатуына үлкен үлес қосқан. Себебі ол ешқашан дүкенінде жүріп сонша киім сатып көрмеген.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Тікелей эфир кезінде Тонгнак сататын киімдерді өзі киіп көреді.

Қазіргі таңда Тонгнак әр түн сайын жергілікті уақыт бойынша түнгі 10-нан түнгі 3-ке дейін жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, туғанынан көзі көрмейтін жігіт әлемдегі ең қауіпті толқынды бағындырғаны туралы хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Марқұм адамның киімін сатудың ерекше жолын тапқан әйел танымал болды