Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы бір науқастың коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды. Жаңаөзенде 68 жастағы ер адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомствода атап өткендей, Жаңаөзен тұрғыны өзін жайсыз сезінген. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болғаннан кейін ол дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Алайда, ақ халаттылар қанша тырысқанымен, ер адамды аман алып қала алмады.

Қоғамдық коммуникациялар қызметінде мәлім болғандай, Жаңаөзенде коронавирус жұқтырғандардың саны артуда.

Қазір стационарда вирусқа шалдыққан тоғыз науқас бар, олардың екеуі – ауыр хәлде.

Ресми деректерге сәйкес, Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырудың 434 жағдайы тіркелген. 308 науқас аурудан емделіп шықты. Сондай-ақ бұған дейін өңірде инфекциядан екі адамның көз жұмғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 17732 адамға жетті. Өткен тәулікте қатерлі індет тағы 507 адамнан анықталды.

Ал республика бойынша ауру белгілері жоқ коронавирус тасушылардың саны 9809-ға жеткен. Өткен тәулікте ғана осындай 964 науқас тіркелді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды