Выйти
RU

Қазақстандағы СOVID-19: Мамин және әкімдер Тоқаевқа есеп берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстандағы СOVID-19: Мамин және әкімдер Тоқаевқа есеп берді

Фото мұрағаттан: Ақорда

Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс басшыларына пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдауға, коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуге, азаматтардан тест сынамасын алудың ауқымын кеңейтуге, дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен, өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппараттармен және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етуді тапсырды.

Президенттің пікірінше, азаматтардың денсаулығын қорғау ісінде алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдік тұрғыдан қолдау көрсетудің мәні зор.

Үкімет пен әкімдер халық арасында карантин режимін сақтаудың аса маңызды екенін түсіндіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізуге тиіс. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына экономиканың құлдырауына жол бермеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандағы СOVID-19: Мамин және әкімдер Тоқаевқа есеп берді