Выйти
RU

Қазақстан президенті Ресейде өтетін Жеңіс парадына бара ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде баруды жоспалап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы мемлекет басшысы баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел пезидентінің баспасөз хатшысының Covid-19 вирусын жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннен, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан, Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтан, Алматы қаласының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталған еді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 17 732-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 507 адамнан COVID-19 диагнозы расталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан президенті Ресейде өтетін Жеңіс парадына бара ма