Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда су тасқыны кезде жоғалған әскери қызметкер Түркістанда іздестірілуде

Опубликовано:

Қазақстан мен Өзбекстанның құтқарушылары мамыр айының басында көршілес елде дамба жарылған кезде із-түссіз жоғалған әскери қызметшіні іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz: Facebook

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, өзбекстандық құтқарушылар әскери қызметшіні іздеу жүмыстарына көмек көрсетуді сұраған деп жазды Otyrar.kz.

Әскери қызметшіні іздеу жұмыстарына Қазақстан тарапынан 2 кинологиялық топ пен бірнеше техника бірлігі жұмылдырылғаны хабарланды.

"20.06.2020 жылы сағат 08.30– да Мақтарал және Жетісай аудандарындағы су басу аймақтарында және су қоймаларында іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қ.ТЖД жедел-құтқару жасағының «Шардара» құтқару бекетінен 5 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 қайық шықты.
Қосымша Шымкент қаласынан сағат 09.15-те іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының 2 кинологиялық есебі шықты. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде", – делінген ведомство хабарламасында.

Әзірге жоғалған әскери қызметшінің қай жерде екені белгісіз.

Еске сала кетейік, биылғы бірінші мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бес елді мекенді су басқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861595-zbekstanda-su-taskyny-kezde-zogalgan-skeri-kyzmetker-trkistanda-izdestirilude/

pixel