Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аралда балық өсіретін инкубациялық цех іске қосылды

Опубликовано:

Қазіргі таңда Арал балықшылары жылына жеті мың тоннадай балық ауласа, оның екі мың тоннасын экспорттайды. Осы мақсатта ауданда жылдық қуаттылығы 19 мың тонна балық өңдеуге қауқарлы 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Міне, сол зауыттардың жұмысы нәтижесінде теңізді өлкенің балығының дәмін тату бақыты тек Қытай мен ТМД елдерінің ғана емес, Еуропа халқына да бұйырып отыр.

Аралда балық өсіретін инкубациялық цех іске қосылды
Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

Ауданның кәсіпкерлік бағытындағы жұмысына қарқын беріп келе жатқан ата кәсіптің мүмкіндігін молайту мақсатында тағы бір жоба басталды. Бұл туралы Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Арал теңізі» балықшылар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен балық қорын көбейту мақсатында жазылған жоба жемісін беріп, «Ғаламдық экологиялық қордың» қаржылай қолдауымен Ақшатау ауылында көлемі 16х30 метр болатын балық шығаратын инкубациялық цех салынды.

Аралда балық өсіретін инкубациялық цех іске қосылды
Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

Бұл цехқа Ресейден аппараттар алынып қондырылды. Жобаның жалпы құны – 21 млн теңгені құрап отыр. «Арал теңізі» балықшылар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнагүл Баймаханова жобаны жүзеге асыру бағытында 11 млн қайтарымсыз грант ұтты.

Жоба серіктестері «Жамбыл» өндірістік кооперативі, дара кәсіпкер Игіліков Төребек бірлесе атқарылатын жұмысты орындаушы «Қазалы Уазис» қоғамдық бірлестігі болмақ. Алынған дернәсілдер теңіздің Арал және Қазалы аумағындағы айдындарына жіберілетін болады. Биылғы жылы іске қосуды жоспарлап отырған бастама аясында 12-15 млн дана личинкалар өсіп шығады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861603-aralda-balyk-siretin-inkubacialyk-ceh-iske-kosyldy/

pixel