2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Пневмония дерті: Ақтөбеде көз жұмған 18 адамның ішінде жастар да бар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында тек маусым айында пневмонияға шалдыққандар саны 700-ден асты. Өңірде соңғы аптада демала алмай, ентігіп, қызуы көтерілгендер саны көбейген. Өкініштісі, ауруы асқынып, екі өкпесі қабынған 18 адам аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы 22 адамның жағдайы ауыр. Оның 12-сі жасанды желдету аппаратына қосылған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Пневмония дерті: Ақтөбеде көз жұмған 18 адамның ішінде жастар да бар

Көрнекі фото: NUR.KZ

Өңірде науқастарға ем жүргізетін дәрігерлер де тапшы. Емханалардың бас дәрігерлері мен орынбасарларының өзі пневмониямен ауруханаға түскен.

Тұрғындарға қызмет етіп жүрген 120 жедел жәрдем қызметкері де сырқаттанып қалған.

«Жедел жәрдем қызметінің 120 маманы емделіп жатыр. Оның бесеуі COVID-19 жұқтырған. Пневмонияның өсуіне байланысты провизорлық орталықтағы керуеттер санын көбейтудеміз.

Маусым айынан бастап 700-ден аса адам пневмониямен жүгінген. Оның 478-і стационарға жатқызылды. Аудандардағы провизорлық орталықта 131 адам жатыр, 80-і пневмониямен ем алуда.

Облыс бойынша өкпе қабынуының асқынуынан 18 адам қайтыс болды. Қаза болғандардың көпшілігі егде жастағы адамдар, жастар да бар», - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, қаладағы дәріханалардың алды ұзын-сонар кезек. Қарапайым парацетамол дәрісін таба алмай сенделгендер көп.

Бірақ мамандар барлық дәріханаларда дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін айтады. Тағы мониторинг жасауға дайын.

Айта кетерлігі, қаладағы үш стационарға күніне жүздеген адам ауырып келіп жатыр. Провизорлық орталыққа тәулігіне 70 адам түседі.

«Қазір Ақтөбе медициналық орталығында пневмониямен 267 науқас емделіп жатыр. Оның 189–ның екі жақты өкпе қабынуы бар. 129 адам дене қызуы түспеуіне байланысты ем алуда.

Бір тәулікте 60-70 адам түседі. Алғашында науқастар провизорлық орталыққа сыймай, дәлізге жатқызған кездер болды. Ауруханадағы кейбір бөлімшелерді басқа медициналық орталықтарға аудардық. Провизорлық орталық 340 керуетке дейін үлкейтілді.

Жедел жәрдем қызметі науқастарды тәулік бойына үздіксіз тасуда. Жасыратыны жоқ. Дәрігерлердің арасында да сырқаттанып қалғандар бар. Басқа емханалардан дәрігерлер келіп, бізге көмек көрсетуде», - дейді Ақтөбе медициналық орталықтың бас дәрігері Рүстем Исаев.

Ал облыста коронавирус инфекциясын 628 адам жұқтырған. Оның 307-сі симптомсыз түрімен. Облыста өкпеге жасанды жел беретін 156 аппарат бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пневмония дерті: Ақтөбеде көз жұмған 18 адамның ішінде жастар да бар