Выйти
RU

Нұр-Сұлтандағы балабақшалар қайта жабылатын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорданың бас санитарлық дәрігері қалада коронавирусқа қатысты жағдай жақсарғанға дейін балабақшаларды уақытша жабу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты

Қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның шешіміне сәйкес, 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында барлық балабақшалардың жұмысы меншік нысанына қарамастан (мемлекеттік және жеке меншік) тоқтатылады.

Айта кетейік, бұрын балалар санын бір топта 15 адамнан асырмау тәртібімен балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейтін.

"Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек", – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Карантин кезеңінде балалардың жалпы санының тек 20% -ы балабақшаларға (мемлекеттік және жеке) барды. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған. Балабақшалар жұмысының қайта жандануы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Сонымен қатар, санитарлық нормаларды қатаң сақтау керектігі ескертілді. Атап айқанда: маска кию, қолды антисептикпен өңдеу және әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Айта кетейік, бұған дейін елордалық емханалардың жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатқанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтандағы балабақшалар қайта жабылатын болды