RU

Қазақстанда коронавирус инфекциясы әлсіреді ме

Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Жанар Сүлейменова орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады. Айтуынша, инфекция жұқтырған науқастар арасында аурудың ауыр түрі аз тіркеле бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Кеңесші Жанар Сүлейменова Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустың жұмсақ және асимптоматикалық түрлері жиі кездесетінін хабарлады.

Бұл вирустың генетикалық құрылымы өзгертіліп жатқандығын көрсетеді. Оның айтуынша, Қазақстанда азиялық және еуропалық вирустық штаммның таралуы тіркелген.

Сүлейменова асимптоматикалық және жұмсақ формасы бар қазақстандықтарға өзін-өзі емдеуден бас тартуға кеңес берді.

Айтуынша, дене қызуы көтеріліп, тыныс алу қиын болған жағдайда жедел жәрдемге хабарласу керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан билігінің соңғы күндері қаладағы коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығуына байланысты қалалық емханаларды жабу туралы шешім қабылдағанын жазғанбыз.

Сондай-ақ елорданың бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша, қалада коронавирусқа қатысты жағдай жақсарғанға дейін барлық балабақшалардың уақытша жабылатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861627-kazakstanda-koronavirus-infekciasy-lsiredi-me.html