RU

Берік Уәли ауруханадан шықты

Осыған дейін COVID-19 инфекциясы анықталып, ауруханаға түскен мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли емдеу мекемесінен шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Facebook/ Berik Uali
Фото: Facebook/ Berik Uali: Facebook

Президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, ол бүгін ауруханадан шыққан.

"Медициналық қорытындыда денсаулығымның жақсарғаны жазылған. Дәрігерлер коронавирус инфекциясының ауыр түрі деген диагноз қойған еді. Екіжақты полисегменттік пневмониямен 5 күн бойы реанимация бөлімшесінде жаттым. Қазір үйге шыққаныммен қатаң карантиндік бақылауда боламын. Дәрігерлер де денсаулығымды жіті қадағалап отырады. Отбасыммен де байланысты барынша азайтуға тура келеді", - дейді ол.

Сонымен қатар Берік Уәли алдағы уақытта да қашықтан жұмыс істей беретіндігін атап өтті.

Сонымен қатар ол коронавирус індетімен күресіп жүрген, оның ішінде өзін емдеген дәрігерлерге, жалпы медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.

"Өздеріңіз де білесіздер, кеше ғана Медицина қызметкерлері күнін атап өттік. Осы орайда олардың нағыз батыр екендігін атап өтсем деймін. Олардың көпшілігі бірнеше ай бойы отбасын да көрген жоқ. Күні-түні коронавирус инфекциясымен күресіп жатыр. Сондықтан оларға шынайы ризашылығымды білдіремін", - дейді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Берік Уәли коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскенін өзі хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861630-berik-uli-auruhanadan-sykty.html