RU

Дубай 7 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдауды бастайды

7 шілдеден бастап Дубай туристерге есігін қайта айқара ашпақ. Тек елге келгендер коронавирустың жоқ екенін айғақтайтын құжатты көрсетуі керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Шетелдіктерді қайта қабылдауды бастайтынын Дубайдың әмірі өзінің Twitter парақшасында жазды.

Әмірлікке келгендер де COVID-19 инфекциясының жоғын растайтын анықтама болуы қажет. Егер туристте аталмыш анықтама жоқ болса, оның әуежайда тексерістен өтуіне тура келеді.

Ал Дубайдың тұрақты азаматтары әмірілікке бүгін яғни 22 маусымнан бастап келе алады. Ал Дубай тұрғындарыне шетел асып, саяхаттауына 23 маусымнан бастап рұқсат етілмек.

Хабар24-тің хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде мамырдың 27-існен бастап дүкендер мен кинотеатрлар ашылып, спорт орталықтары қайта жұмыс істей бастаған.

Жалпы бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны 45 мыңға жуықтаған. Індеттен 300 науқас көз жұмған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия мен Мысыр туристер үшін шекараларын ашатынын мәлім еткен еді.

Сонымен қатар еліміз 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстерді кезең-кезеңмен жаңартатынын хабарлаған болатынбыз.

Мәселен 20 маусым күні Air Astana ұшуға шектеу қойылғалы бері алғаш рет шетелге рейс жасап, Алматыдан Антальяға 141 жолаушыны апарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861632-dubaj-7-sildeden-bastap-seteldik-turisterdi-kabyldaudy-bastajdy.html