RU

Елімізде тағы 7 адам коронавирустан көз жұмды

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Көз жұмған науқастардың алтауы Нұр-Сұлтан қаласынан. Олар 1967, 1956, 1962 және 1975 жылы дүниге келген ер азаматтар мен 1967 және 1951 жылы дүниеге келген әйел адамдар.

Сонымен қатар тағы бір өлім жағдайы Қостанай облысында тіркелді. Марқұм ер адам - 1949 жылғы.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 127 адам қайтыс болды", - делінген хабарламда.

Айта кетейік, жалпы елімізде қазіргі уақытта коронавируспен ауырғандар саны 17 732-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 507 адамда COVID-19 диагнозы расталған.

Ал жазылғандар саны 11 158 адам. Сонымен қатар жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ адамдардың саны 9 809-ға жетіп отыр.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 9 миллионнан асқан.

АҚШ COVID-19-дың барлық көрсеткіштері бойынша (жұқтырғандар, жазылғандар, қайтыс болғандар) көш басында келеді.

Екінші орында Бразилия. Мұнда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1 миллионнан асқан.

Ал үштікті көрші Ресей қортындылап отыр. Елде жарты миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861637-elimizde-tagy-7-adam-koronavirustan-kz-zmdy.html