Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бүгін коронавирусқа тест тапсыру қайта жалғаспақ

Опубликовано:

Алматыда бүгін бірқатар зертханалар клиенттер үшін жұмысын қайта жалғастырмақ. Одан бөлек қалада COVID-19 вирусын тексеруге арналған тағы арнайы мекеме ашылады деп күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазіргі кезде алматылықтардың арасында дүрбелең азаймай тұр. Қала тұрғындары бірнеше күн бойы көптеген зертханалар COVID-19 үшін ПЦР сынамасын өткізбеді деп дабыл қақты.

Осы уақыт ішінде олардың жұмысы шектеулі болды.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, коронавирусқа қарсы тексеруден өткізгісі келетіндердің қарасы өте көп. Сол себепті зертханаларда қажетті заттардың, соның ішінде реагенттер таусыла бастаған.

Кейбір мекемелерде техникалық қызмет көрсетуге байланысты сынақтар жұмыс істеген жоқ.

Шамамен бес күн бұрын "Олимп" зертханалары ПЦР сынамаларын алуды бірден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында уақытша тоқтатты.

Белгілі болғандай, бүгін оңтүстік астанада кейбір зертханалар клиенттер үшін жұмысын қайта жандандырмақ. Одан бөлек, Алматыда жетінші коронавирусты тексеруге арналған мекеме ашылады деп күтіліп отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова еш себепсіз коронавирусқа тест тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861654-almatyda-bgin-koronaviruska-test-tapsyru-kajta-zalgaspak/

pixel