Выйти
RU

Тағы 499 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 18 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте тағы 499 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 18231-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"22 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Шымкент қаласында - 61, Нұр-Сұлтан қаласында - 59, Қарағанды облысында - 53, Алматы қаласында - 39, Атырау облысында - 35, Қостанай облысында - 33, Шығыс Қазақстан облысында - 31, Батыс Қазақстан облысында - 29, Ақтөбе облысында - 25, Түркістан облысында - 22, Солтүстік Қазақстан облысында - 21, Ақмола облысында - 21, Павлодар облысында - 21, Қызылорда облысында - 17, Жамбыл облысында -16, Алматы облысында - 14, Маңғыстау облысында - 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте еліміз бойынша өсім 2,8 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 499 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 18 мыңнан асты